4.09.2017, 12:27
Оқылды: 74

Жаңа оқу жылына – жаңа нысандар

Kaztalov jana internat 01   Батыс Қазақстан облысының бірқатар білім ошақтарының оқушылары жаңа оқу жылын сыңғырлаған су жаңа ғимараттарда бастады.


  Қазталов ауданы орталығында Қазталов орта мектебі жанындағы 100 орындық жаңа интернат құрылысы аяқталып, 2 қыркүйек күні пайдалануға берілді. Былтырдан бастап құрылыс жұмыстарына білегін сыбана кіріскен мердігер «СәттіСәулет» ЖШС облыстық бюджет есебінен бөлінген 286 млн. 485 мың 044 теңге қаражатты толығымен игеріп, екі қабатты жаңа нысанды сапалы да бүгінгі заманға сай салып берді.

  Нысанның ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Мәлік Құлшар, Қазталов ауданының әкімі Абат Шыныбеков жаңа нысанның ашылуымен құттықтаса, «СәттіСәулет» ЖШС-нің инженері Наурызбек Аймашев мектеп директоры Әлия Жақсыбаеваға интернаттың символикалық кілтін табыс етті.

  Сондай-ақ іргетасы 1983 жылы қаланған Қошанкөл орта жалпы білім беретін мектебі де 34 жыл бойы мектепSirim jana mektep ұжымның күтіп ұстауының арқасында бүгінгі күнге дейін жетті. Дегенмен күрделі жөндеуді талап етіп тұрған бұл нысан мәселесі шешіліп, жөндеуден өтті. Құрылыс жұмыстарын жүргізген "БатысСтройСервис" ЖШС мерзімінен бұрын аяқтады.

    Сырым ауданында Сырым Датұлының 275 жылдығына орай күрделі жөндеуден өтіп, жаңаша кейіпке енген Сырым орта мектебі мерзімінен бұрын пайдалануға берілді. Мектептегі алғашқы қоңырау салтанатына аудан әкімі Төлеген Төреғалиев қатысты. Аудан басшысы мектепті аралап, жаңарып, жаңғырған сынып бөлмелерін көрді. Мектептің жөндеу жұмыстарын жүргізген «Өркен Сервис» ЖШС-нің бас инженері Асылбек Бақтығалиев мердігердің атынан мектепке музыкалық аппаратура табыс етті.

Karatobe Xankol    Қаратөбе ауданына қарасты Ханкөл жалпы орта білім беретін мектебінде алғашқы қоңырау салтанаты да ерекше аталып өтті. Өйткені ауыл халқы және жанашыр азаматтар асарлатып мектепке жаңа асхана салып берді. Осынау игілікті іске атсалысқан бірқатар азаматтарға ризашылығын білдіріп алғыс хаттар табыс етілді.

   Мектеп асханасының ашылуында лента қию рәсімін жүргізген облыстық мәслихат депутаты Құсайын Мұқанов пен ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Бақытжан Жәлелов барша ауыл халқына игілікті істің басынан табылғандарына ризашылығын білдірді.

   zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале