3.06.2019, 16:28
Оқылды: 133

Жаңа спорт алаңы ашылды

«Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында Жаңақала ауданы С.Меңдешеев атындағы ауылдық округінде балаларға арналған спорт алаңы ашылды.

IMG_6534

          Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Ж.Нұрғожин, еңбек ардагері С.Әлмұқанов, аудандық білім бөлімінің басшысы Е.Қадыров, С.Меңдешеев атындағы ауылдық округінің әкімі А.Қапанов қатысты.

IMG_6495

         8 миллионнан астам қаражат жұмсалған аталмыш спорт нысанын мердігер «Бекқалиев С.Р» жеке кәсіпкерлігі мерзімінде аяқтап, пайдалануға берді.

         Алаңның салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сәкенұлы ел игілігіне қолданылуға берілген спорт алаңының маңызына тоқталып, ауыл тұрғындарын құттықтады.

         Спорт алаңының ашылу салтанатынан кейін ауыл жастарынан құралған командалар арасында футболдан жарыс өтті.

Айару Бақытова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале