24.02.2017, 16:40
Оқылды: 23

Жаңа төраға қызметіне кірісті

 

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 20 ақпандағы Жарлығымен Шыңғырлау аудандық сотының төрағалығына Мержан Сансызбайұлы Қадырбаев тағайындалды,- деп мәлімдеді Шыңғырлау ауданына арнайы іссапармен келген БҚО соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мейрамбек Нағашыбаев.


Сот саласында 2003 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Мержан Сансызбайұлының өз ісін жетік меңгерген, бұған дейін де талай жауапты жұмыстарды атқарған білікті маман екенін айта отырып, жаңа төрағаның бар білімі мен біліктілігін ортақ мақсатқа жұмылдырып, жемісті еңбек ететініне сенім білдірді.

Гүлшат Ботанова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале