3.12.2019, 17:43
Оқылды: 293

Жаңа жәрдемақы төленеді

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ділдаш Исқақова Теректі ауданына келді.

terekti (1)

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Ержан Досмақов, округ әкімдері, мекеме-ұйым қызметкерлері қатысты.

-2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 340 мыңнан астам көп балалы отбасы жаңа мемлекеттік жәрдемақы алады деп жоспарлануда. Бұл жәрдемақы 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар барлық көп балалы отбасыларға табысына қарамастан төленбекші.

Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бала санына қарай сараланады. Яғни, 4 баласы бар отбасыларға 42 496теңге, 5 балаға – 53 127теңге, 6 балаға – 63 757 теңге, 7 және одан да көп балаға 74 388 теңге төленеді. Орта есеппен алғанда жәрдемақы мөлшері әр балаға 10-11 мың теңгені құрайды. Мемлекеттің ең басты принципі - көмекке мұқтаж жандарға, балалар мен көп балалы отбасыларға көмектесу. Мемлекеттік көмекке көп балалы отбасыларды қолдау, табысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету, табыссыз отбасылардағы балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік пакет кіреді. Табысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы тағайындаудың шекті критерийі болып қала береді. Егер еңбекке қабілетті отбасы мүшесі ұсынылған жұмыстан немесе жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, атаулы әлеуметтік көмек тек оған ғана емес, барлық отбасы мүшелеріне де тоқтатылады, - деді жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің артықшылығы жөнінде баяндаған Ділдаш Салауатқызы.

terekti (2)

Кездесуде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы БҚО бойынша филиалының әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі Теректі аудандық бөлімінің басшысы Роман Есеналиев те атаулы әлеуметтік көмекке енген өзгерістер жөнінде  қосымша мағлұмат берді.

Аягөз Бақтығали

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале