26.05.2017, 12:04
Оқылды: 39

Жаңа жүйеге жарна аудару басталады

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша былтырдан бері түсінік-таным жұмыстары жүргізіліп келсе, биылғы сәуір айында тұрғындарды жергілікті жері бойынша емханаларға тіркеу, әлеуметтік жағдайын, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна аударушыны анықтау басталды. Алғашқы жарналар 1 шілдеден бастап түседі.


Бөкей ордасы ауданында өткен жиында қатысушылар жаңа жүйенің сапалы медициналық көмекке қолжетімділікті арттыратынын, денсаулықты жақсартып, адам өмірін ұзарту, амбулаториялық-дәрігерлік қамтуды жақсартып, бейресми төлемдердің деңгейін азайтатындығына тоқталды. Сондай-ақ, ешкімді алаламайтын медициналық көмекпен жан-жақты және жаппай қамту жүзеге аспақ. Денсаулыққа қатысты медициналық мекемелер мен азаматтардың ортақ жауапкершілігі күшеймек. Денсаулық  сақтау саласында тұтыну көлемін теңестіруге мүмкіндік беретін тұрақты қаржылық жүйе жасақталмақ. Ал ол бюджетке түсер салмақты жеңілдетіп, салада нарықтық механизмдерді жетілдіруге мүмкіндік береді.

Кездесуде «АймақГаз-дың» аудандық учаскесі басшысы Рахымжан Кенжеғалиев, Бөкей ордасы колледжінің директоры Бағдат Лұқпанов, жергілікті полиция қызметі бастығы Ерлан Жоралиев, аудандық аурухана директоры Әділгерей Ғаббас, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Жанғуат Еркеғалиевтер сұрақтар қойып, өзара пікір алысты.

Бөкей Ордасы ауданынан

 арнайы zhaikpress.kz үшін

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале