20.06.2017, 16:33
Оқылды: 38

Жаңа жүйенің маңызы түсіндірілді

МедстрахованиеЖуырда Бөрлі ауданына облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев арнайы келіп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бағдарламасының маңызын түсіндірді.


Шарада кәсіпорын басшылары мен жұмысшылары қойған сан түрлі сұрақтар жауапсыз қалмады. Жалпы жиында жаңа форматтағы сақтандыру бойынша  тұрғындарға медициналық көмектің екі пакеті ұсынылатыны айтылды.

Оның алғашқысы – республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көмектің мемлекет кепілдендірілген көлемін ұсынатын базалық пакет. Мұнда жедел жәрдем қызметі, санитарлық авиация, әлеуметтік ауруларға, сонымен қатар төтенше жағдайларда, профилактикалық екпе кезінде көрсетілетін медициналық көмек түрлері енеді. Бұл қызмет барлық азаматтар үшін қолжетімді.

Екіншісі – жаңадан құрылатын медициналық сақтандыру қоры ұсынатын сақтандыру пакеті. Яғни, бұл пакетке енетін қызмет түрлері азаматтардың әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударған жарнасы арқылы жүзеге асады.

Жаңа жүйенің қолжетілімдігі туралы түсіндіру жұмыстары аудандағы кәсіпорындарда жалғасатын болмақ.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале