9.07.2019, 17:34
Оқылды: 337

Жаңабұлақта аудандағы ең үлкен спорт алаңы ашылды

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бұқаралық спортты дамыту бағдарламасына сай Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылында көлемі 20х40 метр спорт алаңын «ОралСтройТехСнаб» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшы-қызметкерлері сәтті аяқтады.

DSC_0064

Мұнда шағын футбол, волейбол, баскетболмен ойнауға толық мүмкіндік бар. Нысанға аудан қазынасынан 8 млн. 369 мың теңге жұмсалды.

Осы күнге орай өткен салтанатқа жиналғандарды аудан әкімі атынан оның орынбасары Тимур Шиниязов құттықтады. Сондай-ақ жұрт қуанышына  білім бөлімінің басшысы Дәурен Нұрғожа, тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автожол бөлімінің басшысы Асылбек Жаншин, көршілес Бударин ауылдық округінің әкімі Шоқан Мусағалиев, Қабыршақты ауылдық округінің әкімі Тілек Кәкенов, Мерген ауылдық округінің әкімі Мәмбетқали Сағаденов ортақтасты.

DSC_0020

Шара барысында Т.Шиниязов аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетовтың Елорда күніне байланысты Алғыс хаттарын еңбек ардашерлері Әлима Таспаев, Рысқаным Қойшекенова және Бауыржан Балхашевқа табыстады. Ауыл спортшыларына Жаңабұлақ әкімі аппаратының бас мамандары: Айбат Төлегенов 10 спорттық киім, Ринат Қырықбаев 10 гетрый тарту етті.

DSC_0067

Спорттық алаңның лентасын аудан әкімінің орынбасары Т.Шиниязов және спорт ардагері Ират Қырықбаев қиды. Алаңда бірінші болып спорт ардагері Мақсот Ажғалиев доп тепті.

DSC_0089

- Шағын футболдан Алғабас, Бударин, Қабыршақты, Чапаев, Мерген ауылдық округтары және Есенсай ауылдық округінен Кеңсуат ауылы ойыншылары қатысқан бәсекеде І орынды қабыршақтылықтар иеленді. Айдын Сәрсенғазиев (Қабыршақты) «Үздік қақпашы», Асқар Сатқанов (Чапаев) «Үздік қорғаушы», Бауыржан Бисенбаев (Мерген) «Үздік шабуылшы», Әлібек Асылбек (Кеңсуат) «Үздік ойыншы» аталымдарымен марапатталды. Жарысқа «Аймекен» шаруа қожалығының жетекші Жақсыбек Құсайынов демеушілік жасады,-дейді Жаңабұлақ ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі кеңесші маман Жанболат Шайдуллиев.

Бекем Бекұлы

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағыпарақшамыздан және Telegramарнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале