5.12.2018, 12:46
Оқылды: 22

Жаңабұлақта «Үздік аула» анықталды

Ақжайық ауданының ауылдық округтері бойынша жыл басында жарияланған «Үздік аула» конкурсының қорытындыларын шығару басталды.

WhatsApp Image 2018-12-04 at 11.34.51 (1)

Жаңабұлақ ауылдық округі орталығында осыған байланысты бұқаралық шара өтті. Соңғы жылдары жаңабұлақтықтар өз аулаларын, көшелерін көріктендіруге ерекше назар аудара бастады. Аталған басқосуда тазалықты жайында кеңінен айтылды. Конкурс қорытындысымен І орын Тұрсынғали Исмағұловтың, ІІ орын Михаил Горбуновтың, ІІІ орын Марат Құсанов пен Сағидолла Қошқарбаевтың отбасыларына берілді. Оларға шаңсорғыш, электр пеш, термошәйнек, еттурағыш секілді тұрмыстық заттар сыйға тартылды.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы 

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале