21.11.2017, 14:31
Оқылды: 29

Жаңақала аудандық сотында ашық есік күні өтті

Шараға сот төрағасы Сабыржан Есжанов, аудан тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысып, қойылған сұрақтарға түсініктер берілді.

Сот төрағасының жеке қабылдауында болған аудан тұрғыны Б.Зиягалиев зейнеткерлікке шығуына кедергі болған құжаттарындағы қателіктер туралы мәселесін айтты. Сот төрағасы орын алған мәселе бойынша заң талаптарына сай түсініктер берді.

Кездесу барысында С.Есжанов Президент өкілеттіктерінің бірқатары Парламент пен Үкіметтің арасында бөлінуіне байланысты Конституцияға енгізілген өзгерістер, олардың рөлдерінің күшейтілуі, сот жүйесі мен прокуратура органдары бойынша нақтыланған өзгерістер жөнінде түсідіріп өтті. Сонымен қатар,  азаматтық және қылмыстық заңнамалардағы кейбір нормаларды қолдану, «Сот кабинеті» сервисі, аудио-бейнетіркеу жүйесінің көмегімен сот отырысын жүргізу тәртібі және «Төрелік» бағдарламасының ерекшеліктері жайында айтып өтті.

Г.Еслямғалиева

Жаңақала аудандық соттың бас маманы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале