26.10.2020, 10:36
Оқылды: 92

Жаңақала ауданында Рухани орталықта рухани кездесу өтті

Жаңақала ауданында Рухани орталықтың мәжіліс залында «Нұр-Мүбәрак» университетінің ұстазы, Phd докторы Оралхан Рахматбекұлымен кездесу өтті.

Рухани орталықтағы рухани кездесу (3)

Шара барысында ауыл ақсақалдары О.Рахматбекұлына өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Атап айтсақ, Жаңақала ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғ.Валиев жаназаға қатысты сұрағын жолдаса, еңбек ардагері Ш.Әбуғали атамыз қайтыс болған адамды қай жаққа қаратып қою керектігін тілге тиек етті.

Өмірден өткен жанды мәңгілік сапарына аттандыратын орынды дайындайтын қабіршілер де сауалдарын жолдап, нақты жауаптарын алды.

Ауданымыздың діни ахуалы, рухани әлемі сөз болған бұл кездесуге қатысқан жандар білімдерін толықтырып, дін маманына ризашылықтарын білдірді.

Жанайдар Жұмағұлов,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале