30.01.2019, 11:15
Оқылды: 65

Жаңақала ауданының 95 пайызы табиғи газбен қамтылды

Күні кешеге дейін аудан бойынша орталықтандырылған таза ауыз сумен аудан тұрғындарының 54,8 пайызы қамтылған болса, 2018 жылы 321,5 шақырым су құбыры тартылып, алты елді мекенге таза ауыз су жеткізілген.

IMG_5338

         -Аудан тұрғындарының таза ауыз сумен қамтылуы 82 пайызға жетті. Енді ауданымыздың Қырқопа және Қызылоба ауылдарын «Ақбұлақ» бағдарламасы шеңберінде таза ауыз сумен қамту жоспарлануда. Сондай-ақ өткен жылы  аудан бойынша 41,7 шақырым табиғи газ желісі тартылып, тұрғындардың табиғи газбен қамтылуы 95 пайызға жетті. Алдағы уақытта Салтанат, Саралжын, Плантация, Борық елді мекендеріне табиғи газ тарту жоспарланып, жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда. Сонымен қатар Жаңақала-Чапаев автокөлік жолының жөндеу жұмыстары аяқталды. Енді осы автокөлік жолының бойында орналасқан ауылдық округтердің кірме жолдарын ретке келтіру жұмыстары жоспарлануда. Өткен жылы Жаңақала ауылының көше жолдарының 5,7 шақырымына 174,0 млн. теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, биыл ауылдың батыс бөлігінің көшелеріне 6,2 қатқыл табанды, жаяу жүргінші жолымен  бірге салу жоспарланып, жобалық-сметалық құжаттар жасақталуда,-деді аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлы.

Нұрбек Оразаев,

сурет Темірболат Тоқмамбетов

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале