11.04.2019, 11:38
Оқылды: 80

«Жаңақала барысы» анықталды

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіне арналған «Қазақстан барысы» жарысына Жаңақала аудандық іріктеу турнирі аяқталды.

IMG_1040

         Турнирді аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен аудандық «Jastar» спорт клубы ұйымдастырды. Байрақты бәсекеге аудан орталығы мен ауылдық округтерден 24 палуан қатысып, бақ сынады.

Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин құттықтау сөз сөйлеп, палуандарға сәттілік тіледі. Жарыстың бас төрешісі Замир Батыров палуандарды таныстырып өткен соң, жарыс бірден басталды.

Бозкілемде алдымен 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі өгіз палуандар белдесті. Барлығы 11 палуанның арасынан өзінің мықтылығы мен шеберлігін дәлелдеп, қарсыластарын қапы қалдырған Ақжол Әділғалиев I орынға ие болса, жаңажолдық Табылғали Табылдиев II орынды, жаңақалалық Еламан Рахимов III орынды еншіледі.

Ал 90 келіден жоғары салмақтағы түйе палауандар арасындағы бәсеке тіптен тартысты болды. Үшінші орын үшін таласқан Мұқыр ауылынан келген Әсет Омаров пен жаңақазандық Ерлан Халықовтың арасындағы шайқас көптің көңілінен шықты. Соңғы минуттарда Әсет Омаров қарсыласынан айласын асырып, қола жүлдені қанжығасына байлады.

Айтулы турнирде көрермендердің асыға күткен сәті финалдық кездесу еді. Финалға қарсыластарын алып та, шалып та жыққан қос мықты жаңажолдық Дәурен Жағыпаров пен қызылобалық Темірлан Хафизов шықты. Белдесу өте тартысты өтті. Финалдық кезеңге дейінгі барлық қарсыластарын жеңген Т.Хафизов бабы мен бағы келіскен Д.Жағыпаровтан ұпай санымен ұтылды.

Нәтижесінде Дәурен турнирдің жеңімпаз атанып, облыстық жарысқа жолдама алды.

Алтынбек Ермекқалиев,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

IMG_1258 IMG_1392 IMG_1417

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале