30.01.2019, 11:54
Оқылды: 23

Жаңақалада 21 мектеп «BilimBook» бағдарламасымен қамтылған

Жаңақала ауданындағы білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, мәдениет пен спорт саласында да оң өзгерістер бар. Балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен, 3-6 жастағы балаларды мектеп алды даярлықпен қамту жағдайы 100 пайызды құрайды.   

IMG_5334

Аудан бойынша білім беретін 21 мектеп «BilimBook» бағдарламасымен қамтылып, аудан  орталығында орналасқан үш балабақша мен
бір шағын орталығына балаларды қабылдау қызметі автоматтандырылған.

Цифрландыруды жетілдіру мақсатында аудан мектептеріне 38 дана «BilimBook» бағдарламасы орнатылған. Жаңақала мектеп-гимназиясында IT ашылып, аудан интернет желісімен қамтылып 92,6 пайызға қамтылыпты.Сондай-ақ 12 шаруа қожалықтары қыстақтарына 13 дана күн батареяларын орнатқан. Аудан орталығының көшелеріне бес бейне бақылау камералары орнатылып, көше қылмысы 9 пайызға азайған.

Денсаулық сақтау саласына жоғары білімді екі жас маман және 12 орта буын  медицина қызметкерлері жұмысқа қабылданған. Өткен жылы аудандық аурухана Жапон елшілігінің грантына қатысып, жеңімпаз атанып, 23 млн. теңгенің асқазан, ішек бейне эндоскопиялық тексеру құрылғысын алуға келісім шарт жасалуда. Жалпы аудандық ауруханаға 20 млн. теңгеге жуық қаржыға құрал жабдықтар алынған. Биыл Көпжасар ауылындағы дәрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеу жоспарланып отыр.

Нұрбек Оразаев,

сурет Темірболат Тоқмамбетов

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале