17.08.2017, 11:45
Оқылды: 41

Жаңақалада 23 тұрғын жұмыс тапты

Жаңақала аудандық мәдени демалыс орталығында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.


Жәрмеңке қорытындысында 23 жұмыссыз адам өздеріне лайықты (тұрақты) жұмыс тапса, 3 адам «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде қысқа мерзімдікәсіби мамандық алуға жолдама алды. Сондай-ақ 2 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілді.

Осы уақытқа дейін 19 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 5 адам қоғамдық жұмысқа, 1 адам әлеуметтік жұмыс орнына, 23 адам жастар тәжірибесіне, 4 адам «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» аясында қысқа мерзімдікәсіптік оқуға жолдама алған. Алдағы уақытта да осындай жәрмеңке жалғасын тапса, бос жүрген жастар азаяр деген үміттеміз.

 Гүлжанат ТАЛҒАРҚЫЗЫ

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале