29.04.2019, 16:16
Оқылды: 124

Жаңақалада 24 пәтерлік үш қабатты тұрғын үй салынуда

Жаңақала ауданына облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев барды. Сапар барысында Қызылоба ауылдық округінің аумағындағы Қарасу, Төртқұлақ көлтабандарын көрді.

IMG_2759

         Биыл да аудан бойынша атқарылып жатқан құрылыс көлемі ауқымды. 2017 жылы Төртқұлақ, Қарасу лимандарын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжат жасақталған еді. Жобаның жалпы құны – 58, 895 млн. теңге. Жобаның негізгі мақсаты – мал азығының берік қорын жасақтап, шөптің шығымын көтеру, лимандарға су шығару. Жоба бойынша 12 су реттегіш қақпаны күрделі жөндеуден өткізіп, 38 шақырым каналды механикалық тазалау көзделген.

         Айта кетсек, Жаңақала ауданы бойынша 48 мың гектар лиман бар. Қарасу, Төртқұлақ көлтабандары «Орал-Көшім» суару-суландыру жүйесінің меншігіне жатады. 1970-80 жылдары аралығында пайдалануға берілген. Бұл ілкімді істі атқаруда 2018 жылы мемлекеттік сатып алу конкурсында «Қазсушар» РМК БҚОФ ұтып, 59,3 млн. теңгеге келісімшартқа отырған. Күрделі жөндеу жұмысы 2018 жылы шілде айында басталды. Биыл су алу мерзіміне дейін аяқтау жоспарланып отыр.

         Одан әрі «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Қызылоба ауылында салынып жатқан спорттық алаңының жай-күйімен танысқан Б.Азбаев мердігерге жұмыс сапасын арттыруды тапсырды.

         Облыс әкімінің орынбасары Б.Азбаев, аудан әкімі Н.Қарағойшин аудандағы жүргізіліп жатқан инженерлік инфрақұрылым, тұрғын үй құрылыстары, жол жөндеу жұмыстары туралы мамандардың хабарламаларын датыңдады.

         Айта кетейік, Жаңақала ауылында жобалық құны 22 0458,58 мың теңгеге 24 пәтерлік үш қабатты тұрғын үй салынуда. Аталмыш үйдің құрылысын «Жалпақтал су» ЖШС жүргізуде. Бұл тұста облыс әкімінің орынбасары Бағдат Оразалдыұлы жауапты мердігерге тұрғын үй құрылысының сапасына баса мән беру керектігін айтты.

Ақсұңқар Сәдір,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

IMG_2778

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале