17.10.2018, 12:43
Оқылды: 61

Жаңақалада 50 тұлға көлік жүргізу құқығынан айырылған

Жаңақала аудандық сотында 2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша брифинг өтті.

 janaqala Брифингке аудандық сот қызметкерлері, прокуратура, аудандық ішкі істер бөлімінің өкілдері және жергілікті БАҚ өкілі қатысты.

         Брифинг барысында аудандық сот төрағасы міндетін атқарушы М.Шүкіров сот әділдігін жүзеге асыру жолында атқарған іс-шараларды қорытындылап, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша статистикалық мәліметтерді жария етті.

         Жыл басталғалы 56 тұлғаға қатысты 47 қылмыстық іс түскен. Оның 43 тұлғаға қатысты қылмыстық іс бойынша 38 үкім шыққан. Оның ішінде: 2 тұлғаға 108225 теңге айыппұл салынып, айыппұл соммалары сотталушылармен жергілікті бюджет кірісіне өз еріктерімен төленген. 25 тұлға қоғамдық жұмысқа тартылған, 15 тұлға бас бостандығын шектеуге сотталған. 1 тұлға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, оған ҚР ҚК-нің 63-бабына сай шартты жаза қолданылған. Тараптар медиация тәртібімен татуласуына байланысты 3 қылмыстық іс тоқтатылған. Соттылығы бойынша қарауға 4 қылмыстық іс жолданған. Сотталушыларға  іздеу жариялануына байланысты 2 қылмыстық прокурорға қайтарылған.

         2017 жылдың 9 айымен салыстырғанда 17 қылмыстық іске азайған. 2018 жылдың 9 айында өндірістегі 204 азаматтық іс бойынша 28 сот бұйрығы, 114 сот шешімі шығып, 29 іс тараптардың бітімгершілік және медиация тәртібімен татуласуына байланысты өндірістен тоқтатылған. Сондай-ақ, 4 азаматтық іс соттылығы бойынша жолданған. Сотқа талап арыз беру кезінде жергілікті бюджетке 113780  теңге мемлекеттік баж төленген.

         2017 жылдың 9 айымен салыстырғанда азаматтық істердің саны 159 іске азайған.

         2018 жылдың 9 айында аудандық сотта 392 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралған. Олардың ішінде 62 іс қысқартылып, 330 іс бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы шығарылған. Олардың ішінде 116 тұлғаға әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылған, 131 іс бойынша жалпы  5218463 теңге айыппұл салынған, оның 3847003 теңгесі жергілікті бюджетке өз еркімен төленген. 50 тұлға көлік жүргізу құқығынан айырылған, 25 тұлға ҚР аумағынан шығарылған. 33 іс бойынша мүлкін тәркілеу түріндегі қосымша жаза тағайындалған.

         Өткен жылмен салыстырғанда әкімшілік құқық бұзушылық 54 іске артып отыр.

         Түрлі сұрақтарға жауап берген М.Шүкіров негізгі жұмыстан бөлек, аудандық сот жыл бойына мемлекеттік және басқа мекемелермен кездесулер жүргізіп, дөңгелек үстелдер, брифингтер, ашық есік күндері және басқа сот жүйесінің имиджін көтеруге бағытталған шаралар өткізгенін, судьялар мен сот қызметкерлерінің жергілікті «Жаңарған өңірі» газетінде мақалалары жарық көргенін, тұрақты негізде заңнаманы және сот практикасын жетілдіру бағытында жұмыстар жалғасып жатырғанын саралап айтып берді.

Ақсұңқар СӘДІР,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале