18.04.2018, 17:06
Оқылды: 45

Жаңақалада «Ашық есік» күні өтті

IMG_8832Жаңақала ауданы әкімі Наурызбай Қарағойшин ауыл тұрғындарын  қабылдап, жеке мәселелерін тыңдады.

Жиында зейнеткер Б.Өтешов:

-Аудан ескі көшелерден бастау алады. Ал сол ескі жақтың жолы неге жөнделмейді? Бірлік, Мирманов, Қисық-қамыс көшелеріне асфальт төселсе, тұрғындар көктемгі, күзгі жауын-шашында азап шекпес еді,-деді.

Мұнан соң Т.Сәрсенғалиев кәріз суы төгілетін  орынның айналасы ашық жатқанына, оған сауын малы түсіп, су ішетініне қынжылыс білдіріп, соны қайткен күнде де қоршау керектігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, осы азамат Бабажанов көшесінің жолы сын көтермейтіндігін, Жүнісов көшесінде көше жарығының жоқтығын мәселе етіп көтерді.

Мұнан кейін Жасұлан есімді ауыл тұрғыны көл суы әлі келмегенін ескертіп, Қисық-қамыс көшесінің жолын жөндеу керектігін қаузады.  Содан соң аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ш.Әбуғали ауылдық округ әкімдігінің жұмысын сынға алды.

Бұдан бөлек тұрғындар орыс зираты маңындағы шұңқырларды көміп, тазалау керектігін, басқа да өзекті мәселелерді билікке ашық жеткізді.

Ақсұңқар СӘДІР,

Жаңақала ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале