14.05.2018, 17:37
Оқылды: 24

Жаңақалада асық атудан жарыс өтті

 

Жаңақала ауданы орталығында 2001-2003, 2004-2006 жылы туған ұлдар арасында асық атудан аудандық жарыс өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Еслямғалиева, №3 қазақ орта мектебінің директоры Ә.Декартұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Бұдан кейін жарыстың бас төрешісі Қолғанат Серіков ойын ережесімен таныстырды.

Алты  команда қатысқан ойын нәтижесінде жалпыкомандалық есепте оқушылар арасынан I орынды Жаңақала орта мектебінің 2006 жылы туған жас өрендері иеленсе, II орынды Сарыкөл ауылындағы Абай атындағы орта мектебінің өкілдері еншіледі. Ал III орын №3 қазақ орта мектебінің командасына бұйырды.

Жарыс соңында жеңімпаз командаларға диплом мен алғыс хаттар табыс етілді.

 

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ,

Жаңақала ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале