30.01.2019, 10:50
Оқылды: 56

Жаңақалада асыл тұқымды мал басы артып келеді

Жаңақала ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшиннің айтуынша, ауданда 518 ауыл шаруашылығы құрылымы болса, соның 28-і асыл тұқымды ірі қара малын, сегіз қожалық асыл тұқымды қой малын, бес шаруа асыл тұқымды жылқы малын өсірумен айналысады. Тек өткен жылдың өзінде 749 бас асыл тұқымды ірі қара, 159 бас қой, 48 бас жылқы сатылып алынған.

IMG_5334

Сондай-ақ нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында тауарлық 1589 бас ірі қара, 678 бас қой, 107 бас жылқы сатып алуға қол жеткізілген. Өткен жылы шаруаларға 584,2 млн. теңге демеуқаржы төленіп, 86 дана ауылшаруашылығы техникалары сатылып алынған.

Мал азығының сапасын жақсарту және шөптің шығымын көтеру, көлтабандарға су шығару мақсатында Қызылоба ауылдық округінің аумағында орналасқан Төртқұлақ, Қарасу бойындағы 12 су жіберетін қақпалар күрделі жөндеуден, 38 шақырым каналы механикалық тазартудан өткізілуде. 63 млн. 237 мың теңге қаражат бөлінген жөндеу жұмыстары биыл аяқталмақ. Сонымен қатар Қызылоба ауылдық округіндегі Қарақұдық көлтабанын жаңарту, Көшім өзенінің арнасын механикалық тазарту жұмыстары жоспарлануда.

Нұрбек Оразаев,

сурет Темірболат Тоқмамбетов

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале