7.11.2017, 17:22
Оқылды: 21

Жаңақалада асыл тұқымды мал өсіретін 29 шаруашылық бар

DSC_0009Бүгін Жаңақала ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы БАҚ өкілдерінің алдында есеп берді.

Әкімнің айтуынша, бюджет саласындағы кіріс көлемі 9 айдың ішінде 475 млн 268 мың теңгеге жетіп, 105 пайызға орындалды.

Ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға зор мән берілген. Бүгінде мұнда 84 заңды және 1096 жеке тұлға жұмыс істейді. Олардың қарамағында 1626 адам еңбек етеді. Ауданда кәсіпкерлік тек сауда-саттық бағытында емес, халыққа қызмет көрсету, өндіру мен өңдеу цехтары және басқа салаларда жүзеге асырылуда.

Ауданда мал шаруашылығы жақсы дамуда. Ауданда асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын 29 шаруашылық бар. Жаңақала ауылында мал сойып, ет тоңазытуға арналған комбинат жұмыс жасайды. Биылғы 1 қазан күнгі есеп бойынша, ауданда 912 бас түйе, 21132 бас жылқы, 52097 бас ірі қара, 201675 бас қой-ешкі бар. Сонымен қатар, ауданда 5617 үй құсы тіркелген.

Серік Ихсанғали

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале