26.12.2018, 16:43
Оқылды: 38

Жаңақалада балаларға арналған шырша тойы өтті

Жаңақала мектебіне ауданның әрбір елді мекенінен келген және аудан орталығынан балалар жиналды.

janaqala (3)

Бұл әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың балалары, аудан мақтаныштары мен жарыс жеңімпаздары еді. Нақтырақ айтсақ, 21 мектептен 25 бала қатысты. Ал аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин, аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Нұрғожин, аудандық мәслихат хатшысы Закария Сисенғали, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ақнұрлы Еслямғалиева, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Елжас Қадыров мерекелік кештің құрметті қонақтары болды.

Балалардың барлығы да аудан әкімінің Жаңа жылдық шыршасына әдемі киініп келіпті. Мерекелік шара танымал ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен өтті. Шарада кішкентай бүлдіршіндер мен мектеп оқушыларын аудан әкімі Қарағойшин құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Осылай тілегін жеткізе келіп аудан әкімі шырша тойына жиналған балаларға жылы киім-кешек пен тәтті тағамдар салынған жаңажылдық сыйлықтарын табыстады.

Аудан басшысы балғындармен бірге Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырып, шыршаны айналды. Ал балақайлар өз өнерлерін көрсетіп, ән салып, би биледі. Ғажайып сәттен кейін балақайлар тәтті сыйлықтарға ие болып, соңы арнайы жайылған дастарқанға ұласты.

Алтынбек Серікқалиұлы,

Жаңақала ауданы

 

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале