17.04.2019, 12:44
Оқылды: 40

Жаңақалада «Балдәурен» фестивалінің аудандық кезеңі өтті

 Өнер сайысына ауылдық округтерден барлығы 120-дан астам жас өнерпаздан өтініш түсіп, үздік атанғандар байқаудың гала концертіне іріктелді. Дәстүрге айналған балалар фестивалі «Эстрадалық вокал», «Поэзия», «Домбырамен ән салу, жыр айту», «Хореография», «Халықтық музыка» жанрлары ұйымдастырылды.

 IMG_2781

          «Балдәурен» байқауы өнерлі жеткіншектердің көп екенін айқындап берді. Фестивалді қорытындылап сөз сөйлеген қазылар алқасы «Эстрадалық вокал» жанры бойынша «Байтақ елім қазағым» әнін әуелете шырқап, өнерлерімен тәнті еткен Бірлік ауылынан келген трионы (Әскербек Қуанғали, Нұрислам Өмірсерікұлы, Ерасыл Сабыров) жеңімпаз деп таныды. «Поэзия» бағамы бойынша «Тәуелсіздік» атты өз туындысын тебірене оқыған №3 қазақ мектебінің оқушысы Айнара Ермекова үздік шықса, «Халықтық музыка» жанрында Т.Момбековтің «Салтанат» күйін орындаған Дина Нұрпейісова атындағы мектептің оқушысы Данат Дәулетұлы байқаудың бас жүлдесін иеленді. Одан әрі «Хореография» жанры бойынша «Қызылоба ханшалары» биімен «Сымбат» би ансамблі қазылардың жоғары бағасына ие болса, «Домбырамен ән салу, жыр айту» жанрында сынға түскен Е.Орақбаев мектебінің оқушысы Азат Алмасұлы ең жоғары нәтижеге қол жеткізді. Жеңімпаз атанған балғын өнерпаздар Орал қаласында өтетін «Балдәурен» фестивалінің облыстық кезеңіне жолдама алды.

Алтынбек Серікқалиұлы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

IMG_2787 IMG_2798 IMG_2802 IMG_2835 IMG_2855 IMG_2868

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале