15.03.2018, 17:56
Оқылды: 22

Жаңақалада баспана кезегінде 256 адам тұр

 

IMG_6096Жаңақала ауданында ҚР Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін түсіндіру және іске асыру жөніндегі аудан активінің жиналысы өтті.

Жиын барысында аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин Елбасы үндеуін ауданда жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар туралы баяндама жасады.

-Үндеу әлеуметтік бастамалардан тұрғаннан кейін ел тұрғындары арасында кеңінен қолдау табуда. Алдымен, баспана – ең өзекті мәселе. Ауданымызда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары 200 адам болса, баспана кезегінде 256 адам бар.

Президент қабылдаған «Нұрлы жер» бағдарламасы өңірімізде құрылыс саласының қарқын алуына оң септігін тигізуде. Соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы ауданымызда қарқынды дамып келеді. 2017 жылы аудан тұрғындарының өз қаражаты есебінен 7834 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 109,5 пайызды құрап отыр.

Биыл ауданда 3 қабатты 24 пәтерлік жалдамалы тұрғын үй мен инженерлік желілерінің құрылысы басталады. Жоба құны – 220,4 млн.теңге. Бөлінген қаржысы – 119 млн.теңге, соның сыртында 3 қабатты 21 пәтерлік жалдамалы тұрғын үй құрылысының жобалық сметалық құжаттары әзір, жобалық құны 227 млн.теңге. Осы межені түсірмес үшін Елбасының Үндеуі мен Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындауға жұмыстануымыз қажет.

Бесінші бастама «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» мәселесіне келейік. Күні бүгін аудан бойынша 22 елді мекеннің 12-сі, яғни 20652 адам табиғи газбен қамтылып, 87 пайызды құрап отыр. Өткен жылы Жуалыой, Мұқыр, Сарыкөл, Жангелді ауылдарына табиғи газдың жүргізілуіне 184 млн. теңге бөлініп, газ құбыры тартылды. Биыл табиғи газ жеткізілген 4 ауылға ауылішілік газ желілерін тартуға жобалық сметалық құжаттары жасақталынды. Жоғарыда аталған 4 ауыл табиғи газге қосылса 22334 адам табиғи газбен қамтылып, көгілдір отынмен қамту аудан бойынша 95 пайызды құрайтын болады,-деді Н.Қарағойшин.

Актив жиынында еңбек ардагері Құрмет Рысқалиев, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ермек Меңдіхан, жас маман Әділет Сағынов сөз алып, әр бастама бойынша өз ойларымен бөлісті. Жиынды аудан әкімі Н.Қадырбайұлы қорытындылады.

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале