16.03.2017, 18:31
Оқылды: 32

Жаңақалада «Екі жұлдыз» байқауы өтті

Байқауды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдастырды. Байқау шарты бойынша сахна төрінде ауданымызға танымал түрлі сала өкілдері мен мүмкіндігі шектеулі жандар жұптасып, әуезді әндерді шырқады.

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Айзада Шүкірғалиева сөз алып, жаңақалалықтарды келе жатқан Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді. Байқауға жеке кәсіпкер Серік Ибрашев демеушілік етті.

Байқау қорытындысында мәстексайлық Сәуле Мұхамбетжанова мен Мейрам Бисекеновтың орындауындағы халық әні «Айқаракөз» I орынға лайық деп танылды. Серік Жардемалиев пен Гүлзада Қарабасова «Испан биімен» II орынды жеңіп алса, Ш.Қалдаяқовтың «Бақыт құшағында» әнін шырқаған жаңажолдық Жомарт Ешмұханов пен Сәуле Сұлтанова III орынды иеленді. Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға бағалы естелік сыйлықтармен арнайы дипломдар табыс етілді.

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале