25.01.2019, 18:01
Оқылды: 25

Жаңақалада Фариза Оңғарсынованы еске алу кеші өтті

Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығында ұлт мақтанышы, қазақ поэзиясының падишасы Фариза Оңғарсынованы еске алуға арналған «Асыл бейне» атты поэзия мен ән кеші өтті.

IMG_5346

Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, адуынды жырларымен халықтың жүрегін баураған ақын көзі тірі болғанда биыл 80 жасқа келер еді.

Сағынышқа толы тағылымды кеш аясында мектеп оқушылары мен өнерпаздар аяулы ақынның бір топ өлеңі мен ақынға арналған арнауларды нақышына келтіре оқып, сөзіне жазылған әндерді жүрекпен шырқады.          Сондай-ақ, көрермендер ақынның өз даусында оқылған өлеңдерін тыңдап, рухани азық алды.

IMG_5349 IMG_5363

Алтынбек Ысқақ,

Жаңақала ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале