2.10.2018, 10:52
Оқылды: 57

Жаңақалада қарияларға құрмет көрсетілді

 Жаңақала ауданында қарттар мен ардагерлерге үлкен мән беріліп, жан-жақты қамқорлық жасалуда. Аудан әкімі Наруызбай Қарағойшин алықаралық қарттар күні мерекесіне орай ардагер қарияларымызбен ақ дастарқан басында кездесті.

IMG_7821

«Қариясын қадірлеген ел ардақты» тақырыбында өткен мерекелік шараны аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Жаңақала ауылдық округ әкімдігі ұйымдастырды.

Мерекелік дастарқанда сөз алған аудан басшысы Наурызбай Қадырбайұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан ардагер ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарға алғысын жеткізіп, отбасыларына амандық, дендеріне саулық тіледі.
Мұнан кейін аудандық мәслихат хатшысы Закария Сисенғали, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Саматов қазыналы қарияларға үнемі қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.

Шарада данагөй қариялар ән салып, өмір мен еңбек жолдарынан естелік әңгімелер өрбітті. Басқосу соңында адал аспен, кіршіксіз көңілмен құрмет қылған ел азаматтарына қарттар жағы үлкен ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Мерекелік шарада аудандық мәдени демалыс орталығының өнерпаздары әннен шашу шашып, ардагерлерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Ақсұңқар СӘДІР,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

IMG_7842 IMG_7873 IMG_7893

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале