8-707-808-48-55
25.08.2018, 15:14
Оқылды: 701
Жаңақалада кешенді оқу-жаттығу өтті

Zhanakala uchenia (1)Жаңақала ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және азаматтық қорғаныс жұмыстарын жетілдіру мақсатында кешенді оқу-жаттығу дайындығы өтті. Оған БҚО Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы Максим Хайрекенов, аталған департамент өкілдері және аудандағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссия мүшелері, басқа да тиісті қызмет басшылары қатысты.


Оқу-жаттығу жұмыстары аудан әкімдігі ғимаратында өткен жиналыспен басталды. Жиында БҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы М.Хайрекенов оқу-жаттығу жұмыстарының мақсат-міндеттерін түсіндіріп өтсе, мекеме басшылары өздерінің осы оқу-жаттығуға сақадай сай екендерін мәлімдеді.

Одан әрі комиссия мүшелері, кешенді оқу-жаттығу жоспары бойынша, аудандық АҚМЖ күштері мен құралдарының және АҚҚ іс-әрекеттерінің практикалық іс-шаралырын тексеру мақсатымен ет комбинаты орталығына бет алды. Бұл төңіректе төтенше жағдайға қажетті техникаларымен бірге сап түзеп тұрған аудандық Азаматтық қорғау қызметкерлері комиссия мүшелеріне азаматтық қорғанысқа қажетті құрал-жабдықтарын көрсетіп, өздерінің кешенді оқу-жатығуына дайын екендіктерін баяндады.

Zhanakala ucheniaМұнан кейін өрт болып, төтенше жағдай туындаған кезде эвакуациялық іс-шараның өткізілуін тексеру үшін комиссия мүшелері Жаңақала мектеп-гимназиясына келді. Мектепте орналасқан төтенше жағдай дабылы естілген бойда, сыртқа ағылған  ұстаздар мен мектеп қызметкерлері тез арада мектеп ғимаратын босатып үлгерді. Бұл көрініс ұжымның төтенше жағдайларға дайын екендігінің, оқыс оқиға болған жағдайдағы іс-шаралардың мектеп ұжымына таныстығының белгісі деп түсіндік.

Келесі кезекте «Жаңақала ауылынан 2 км қашықтықта Жаңақала-Чапай бағытындағы күре жолда жол-көлік оқиғасы орын алды. «Лада-2106» және «Киа» жеңіл автомашиналары соқтығысып, 6 адам қаза тапты, 4 адам әр түрлі жарақ алған» деген жедел оқу-жаттығу хабары келіп жетті. Оқиға орнына шұғыл жеткен жол полициясы қызметкерлері оқиға орнын қоршап, өз жұмыстарына кірісіп кетті. Жедел жәрдем бөлімшесі келіп жарақаттанушының жарақаттарын таңып, алғашқы көмектерін көрсетіп жатса, өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері отқа оранған автокөлікті жалындаған жалыннан тез арада арашалап алды. 10-15 минут ішінде апатты жағдайды өз қолдарына алған жедел құтқару топтары да өздерінің ТЖ-ға дайын екендіктерін бір дәлелдеп берді.

Zhanakala uchenia (2)Бұдан кейін аталмыш топ Жаңақала ауылындағы жеке тұрғын үйдің аула-қорасында болды. Мұнда ірі қара және ұсақ малдарда бруцеллез ауруының белгілері пайда болыпты. Осыған орай аудандық Азаматтық қорғаныс бөлімінің төтенше жағдайдың пайда болуына байланысты аурудың таралып кетуіне жол бермеу, күдікті жағдайларды жоюға арналған іс-әрекеттері дұрыс бағытта жасалды.

Оқу-жаттығу тәжірибесінің қорытындысы бойынша теория мен тәжірибе әрекеттерінде үздік танылып, төтенше жағдайлардың алдын алуда және азаматтық қорғанысты жетік меңгерген тиісті қызметтердің, ұйымдардың өкілдеріне БҚО Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы Максим Хайрекенов алғысхаттар табыстады.

Қ.ҚҰМАРОВ

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар
Пікір қалдыру