22.08.2018, 14:37
Оқылды: 84

Жаңақалада Құрбан айтта 100 шақты отбасыға көмек көрсетілді

Жаңақала ауданы орталығында Құрбан айт мерекесіне жиналған жамағаттың қарасы көп болды.

Аудандық мешіттің бас имамы Ерік Сұлтанов дін құндылықтарынан насихат-уағыз айтып, барша жұртты мейраммен құттықтады. Мерекенің мән-маңызын ұғындырып, жамағатпен айт намызын оқыды. Бұдан кейін жаңақалалықтар аудандық стадионға барып, арнайы бөлінген жерде құрбан шалды.

Жаңақала ауылдық округ әкімдігінің мәліметі бойынша, осы күні 1 сиыр, 21 қой сойылыпты. Құрбан еттері мұқтаж жандарға, жетім-жесірлерге таратылып, 100-ге жуық отбасыға көмек көрсетілді.

Құрбан айт мерекесі құрметіне тұрғындар арасында қол күресі, кір тасын көтеру, қазақша күрес, арқан тартыс, асық ату ойындары ұйымдастырылып, сайыстың жеңімпаздарына дипломдар мен  ақшалай сый-сияпаттар табыс етілді. Сондай-ақ, балаларға діни бағыттағы сұрақтар қойылып, сыйлықтар мен тәттілер берілді.

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ,

Жаңақала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале