3.07.2020, 15:15
Оқылды: 429

Жаңақалада «Құрмет тақтасы» жаңартылды

Бүгін Елорда мерекесі қарсаңында Жаңақала ауданы «Құрмет тақтасының» жаңарып, ашылу рәсімі өтті. Салтанатты жиынның басында өткен жылы «Құрмет тақтасында» орын алған сала үздіктеріне сертификат табыс етілді.

404603C4-CC48-45C5-A6E7-624B3456EB93

Одан әрі игі істің жалғасы ретінде аталмыш тақта жаңартылып, биылғы жылдың сала үздіктері ілінген «Құрмет тақтасы» ашылды. Жаңа құрмет тақтасының лента қию рәсімін аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин мен Жаңақала ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғинаят Валиев жасады. «Құрмет тақтасының» салтанатты ашылуынан соң, тақтаға ілінген биылғы жылдың үздік сала мамандары таныстырылып, олардың жетістіктері баяндалды. Сонымен қатар елімізде орын алып жатқан коронавирус пандемиясына қарсы күресте аянбай атсалысып, ауданымызға деген жанашырлық пен жауапкершілікті таныта білген бір топ ерікті жастар Тұңғыш Президент, ҚР "Nur Otan" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атынан алғысхатпен марапатталды. Ауданымызда түрлі салалар бойынша табысты қызмет жасап, ауыл-аймағымыздың өсіп-өркендеуіне, әлеуметтік-экономикалық дамуына, игілікті тұрмысына үлестерін қосып, өз салалары бойынша үздік нәтижелер мен көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін «Құрмет тақтасына» шыққан үздік қызметкерлер мен үздік ұжымдар одан әрі ауданның «Даңқ» кітабына еніп, тарих қойнауына хатталатын болады.

1DCAAE0B-D642-4D36-B8DC-541B36CAA38E

Биыл «Құрмет тақтасына» Халықаралық жазушылар одағының мүшесі, ақын Закария Сисенғали, «Әли» шаруа қожалығының басшысы Айдынғали Оңаев, мәдениет саласының үздік қызметкері Дина Мұқашева, «Ауған соғысы ардагері» аталымы бойынша Дастан Төлегенов, білім саласының үздік қызметкері Арман Дүйсенғалиев, үздік спортшы Ерасыл Бақыт, «Құрметті еңбек ардагері» Ғайса Туманов, «Еңбек адамы» Таңатар Қапдешов, үздік әлеуметтік қызметкер Ақмарал Өтеуова, денсаулық сақтау саласының үздік қызметкері Сауле Кенжеғалиева, кәсіпкер Нұрболат Ибрашев, жастар өкілі Айдар Сатыбаевтар енді.

Ақсәуле Хамзина

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале