24.10.2018, 12:41
Оқылды: 57

Жаңақалада «Нұр Отанның» XХІI облыстық конференциясына қатысатын делегаттар сайланды

Жаңақала ауданында «Нұр Отан» партиясы Жаңақала аудандық филиалының кезекті XXI есеп беру-сайлау конференциясы өтті.

 janaqala (2)

          Жиынға Жаңақала ауданының әкімі Науырызбай Қарағойшин, «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалы саяси жұмыс бөлімінің консультанты, аудандық филиалдың кураторы Архат Исламғали арнайы қатысты. Аталмыш конференцияның  күн тәртібінде 4 мәселе талқыланды.

          Конференцияның мандат комиссиясының төрағасы Ринат Ұлмесеков аудандық конференцияға саяси партиялар туралы қолданыстағы заңнама мен «Нұр Отан» партиясы жарғысының талаптарына сәйкес ауданның барлық бастауыш партия ұйымдарының, яғни 1784 партия мүшесінің атынан 103 делегат сайланып, қатысып отырғандығы жөнінде хабарлама жасады.

Аудан әкімі, партияның аудандық филиалы төрағасы Н.Қарағойшин «Нұр Отан» партиясы Жаңақала аудандық филиалы саяси кеңесінің 2017-2018 жылдары атқарған жұмыстары туралы баяндады.

Жарыссөзге жазылған «Мәстексай» бастауыш партия ұйымының төрайымы Сәуле Мұхамбетжанова мен «С.Мендешев» бастауыш партия ұйымының төрағасы Ақан Қапанов бастауыш партия мүшелері, партияның қолдауымен жүзеге асырылған жұмыстар мен өткізілген акциялар туралы әңгімелесе, аудандық жастармен жұмыс  жөніндегі  ресурстық орталығының басшысы, аудандық мәслихат депутаты Жақсылық Хайрелов ауданда жастар үшін «Нұр Отан» партиясының бастауымен жасалып жатырған игі істерді тізбектеп, жастарды қолдап, сенім артып отырған Елбасына аудан жастары атынан ризашылығын білдірді.

«Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы саяси жұмыс бөлімінің консультанты, адандық филиалдың кураторы Архат Исламғали еліміздегі жетекші партияның алға қойған мақсаты туралы баяндай отырып, «Нұр Отан» партиясы Жаңақала аудандық филиалының атқарған жұмысының мол екенін және алда тұрған міндеттердің де аз емесін тілге тиек етті.

«Нұр Отан» партиясы Жаңақала аудандық филиалы саяси кеңесінің құрамын және «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының кезекті XХІI облыстық конференциясына қатысатын делегаттар құрамы сайланды. Ашық дауыс беру формасында өткен сайлауда «Нұр Отан» партиясы Жаңақала аудандық филиалы саяси кеңесінің құрамына 15 адам, ал «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының кезекті XХІI облыстық конференциясына қатысатын делегаттар құрамына 9 адам бір ауыздан сайланды. Сондай-ақ, Жаңақала аудандық  саяси кеңес бюросы құрамына өзгеріс енгізуге ұсыныс жасалып, бюро құрамы 7 адамнан құралды.

Н.ҒАББАС,

Жаңақала ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале