17.09.2020, 14:47
Оқылды: 211

Жаңақалада праймериз үміткерлері арасында пікірталас бастау алды

16 қыркүйек күні «Нұр Отан» партиясы Жаңақала аудандық филиалының праймеризге қатысушы үміткерлердің ашық пікірсайысы бастау алды.

 IMG_0255

Саяси дода аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылды. Жеребе арқылы анықталған дебатқа 6 үміткер қатысты.

Жоспарға сәйкес өткен пікірсайыс кезеңіне Альберт Еслямғалиев, Алтынбек Ермекқалиев, Мейрамгүл Халидуллина, Айымгүл Мүбаракова, Дулат Мақатов, Ернар Аюпов қатысты.

Жария пікірсайысты ашу үшін сөз алған «Нұр Отан» партиясы аудандық филилалы төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Саматов үміткерлерге сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Жаңақала ауданы бойынша праймеризге ұзын саны 28 үміткер тіркелген.

Бұл күні 6 адамнан құралған алғашқы топ жұртшылықты болашақ жоспарларымен құлақтандырды.

Сайыс екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде праймериз үміткерлері 5 минут ішінде сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, өзекті мәселелердің шешілу жолдарын баяндаса, екінші бөлімде сұрақ-жауап арқылы пікір алмасты.

IMG_0212

Кандидаттар әлеуметтік сала, жол мәселесі, жұмыссыздықты жою секілді түйткілдерді кеңінен қаузады.

Үміткерлердің көтерген өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары ауданның әлеуметтік, экономикалық жағдайын жақсартуға көмектеседі деген ойдамыз.

Ендігі кезекте 3 қазан күні аудан тұрғындары, соның ішінде партия мүшелері өз таңдауларын жасайтын болады.

Жаңақала ауданы бойынша тіркелген 28 үміткер арасындағы алғашқы жария пікірсайыс ашық, әрі жоғары деңгейде өтті. Алдағы уақытта жария пікірсайыс жалғасын таппақ.

 

Ақсәуле ХАМЗИНА,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале