20.12.2018, 16:36
Оқылды: 50

Жаңақалада сауда үйі ашылды

Жаңақала ауданы орталығында «Стройбаза» атты сауда үйі ашылды. Оның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Миржан Сатқанов қатысты.

DUKEN (5)

- Жыл сайын жаңақалалықтар өз кәсібін ашып, көптеген жұмыстар атқаруда. Сондықтан біз осындай азаматтарды қолдауымыз керек. Алдағы уақытта кәсіпкердің бастаған кәсібі дамып, жаңа орталық халық игілігіне қызмет етеді деп сенеміз. Барлығыңызды мерекемен шын жүректен құттықтаймын!-деді М.Сатқанов. Бұдан кейін еңбек ардагері Молдағали Тәжиев, аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин құттықтау сөз сөйлеп, кәсіпкерге табыс тіледі.

         Елдің игілігіне ашылған «Стройбаза» сауда үйінің иесі – Серік Ибрашев. Ол 1999 жылы «Берген» жеке кәсіпкерлігін ашып, құрылыс материалдары және автобөлшектер сатып, кәсібін дөңгелетіп келді. Биыл бұрынғы базар ғимаратын сатып алып, күрделі жөндеу жүргізді.

         Қуанышты сәтте кәсіпкер Серік Кәрімұлы сөз алып, жаңа сауда орнының халыққа үлгілі қызмет көрсететініне нық сенім білдірді

         Одан әрі облыс әкімінің орынбасары М.Сатқанов пен еңбек ардагері М.Тәжиев жаңа сауда үйінің лентасын қиып, ақ жаулықты әжелер шашу шашты.

         Жаңа сауда үйінде 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Бұл жерде автобөлшектер, құрылыс материалдары, тұрмыстық техникалар және үй тауарлары сатылмақ.

DUKEN (1) DUKEN (2) DUKEN (3) DUKEN (4) DUKEN 6

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ,

Жаңақала ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале