11.07.2019, 16:30
Оқылды: 386

Жаңақалада шағын футбол лигасы мәреге жетті

Жалынды жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында атқарылған игі бастамалар өте көп. Солардың бірі ретінде «Жаңақала шағын футбол лигасы» турнирін ауыз толтырып айта аламыз. Бастау алғанына көп уақыт өте қоймаған аудандық лиганың қазіргі бәсекелестігі де жоғарылай түскен.

dostys (1)

2018-2019 жылғы турнирдің жабылу салтанатына аудандық әкімшілік басшылары мен БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы А.Қажімерұлы, сондай-ақ облыстық, қалалық және барлық аудан бойынша жастар ресурстық орталықтарының басшылары қатысты. «Нұр Отан» партиясы Жаңақала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Аманғалиұлы:

-Ауданымызда спортқа ден қойған адамдар саны жылдан жылға арта түсуде. Спортшыларымыздың жетістіктері мен жеңістері де көбейіп келеді. Келешекте біздің спортшыларымыз жаңа белестерді бағындырарына сенімдіміз. Жаңақала шағын футбол лигасы 2017 жылы алғашқы маусымын бастаған болса, міне бүгін 7 айға созылған аталмыш лиганың екінші маусымының жабылу кешінде кездесіп отырмыз, -деген Р.Аманғалиұлы спортшыларды жеткен жетістіктерімен құттықтады.

dostys (2)

 Жыл бойы жақсы нәтиже көрсеткен Асхат Беккалиев «Үздік сұрмерген» атанса, «Үздік қақпашы» аталымын Біржан Қисымов иеленді. Шәкірттері республикада атой салып жүрген Азамат Бигалиев «Үздік қорғаушы» аталымын жеңіп алды. «Туризм», «Мешіт жамағаты», «Әкімдік», «ҚазТрансГазАймақ», «Тұлпар», «Жаңақала колледжі», «Гимназия», «Рухани орталық», «Ординатор» құрама командалары «Футбол лигасына белсене» қатысқаны үшін дипломына ие болып, ұйымдастырушылар атынан ескерткіш сыйлықтар берілді. Шағын лиганың қорытындысында ІІІ орынды «Сұңқар» командасы жеңіп алса, финалда сүрінген Жаңақала мектебі жігіттерінен құрылған команда ІІ орынға табан тіреді. №3 қазақ мектебінің құрама командасы жеңімпаз танылып, үлкен кубок пен 100 мың теңгенің сертификатын иеленді.

Ж.Болатбекұлы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале