28.01.2019, 10:54
Оқылды: 55

Жаңақалада шаңғы жарысы өтті

Жаңақала аудандық «Jastar» спорт клубының ұйымдастыруымен шаңғыдан аудандық жарыс өтті.

 jarys (4)

         Жарысқа Жаңақала аудандық білім беру бөлімі, Жаңақала колледжі, Жаңақала аудандық жас туристер станциясы, Жаңақала аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, Жаңақала мектеп-гимназиясы, Жаңақала мектебі және №3 қазақ мектебінің командалары қатысты.

          Шаңғы жарысында нәзік жандылар арасында жақсы нәтиже көрсеткен Айдана Гайнуллина (№3 қазақ мектебі) І, Зухра Себекова (аудандық жас туристер станциясы) ІІ, Ақнұр Шайдуллина (№3 қазақ мектебі) ІІІ орынды иеленді. 40 жасқа дейінгі ерлер арасында Ақжол Әділғалиев (№3 қазақ мектебі) бірінші келсе, Асылхан Сапаров (Жаңақала мектебі) ІІ, Нұрбек Қадыралиев (№3 қазақ мектебі) үшінші келді. 40 жастан жоғары ерлер арасында І орынды Замир Батыров (спорт мектебі) жеңіп алса, Жарасқали Кенжеғалиев (Жаңақала колледжі) ІІ орын, Марат Есмагулов (Жаңақала колледжі) ІІІ орын иегері атанды.

         Сайыс соңында жеңімпаздар дипломдар және медалдармен марапатталды.

jarys (3)

jarys (2)

Айару Бақытова,

Жаңақала ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале