24.09.2018, 10:34
Оқылды: 48

Жаңақалада спорт алаңы ашылды

Жаңақалада «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында шағын футбол алаңы пайдануға берілді. С.Сертеков басшылық жасайтын «СартСтройСервис» ЖШС мердігерлігімен салынған алаңға 9 млн. 600 мың теңге қаражат жұмсалған.

   IMG_7466 Алаңның салтанатты ашылуына аудан әкімі Н.Қарағойшинмен бірге спорт ардагерлері, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме басшылары және аудан жастары қатысты. Аудан басшысы барша жаңақалалықтарды жаңа алаңның ашылуымен құттықтап, аудада спортты дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстар мен алға қойған мақсаттар туралы баяндады. Одан әрі аудан спортшыларына былғары доптар сыйға тартып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

         Мерекелік жиын спорт алаңның ашылуына орай ұйымдастырылған аудан жастары арасындағы шағын футбо жарысына жалғасты. Былғары доп додасына аудан орталығындағы мекемелерден 8 команда қатысты. Сайып келгенде, финалдық ойынға аудандық орталық аурухан, №3 Жаңақала ЖОББҚ мектебі және Жаңақала ЖОББ мектебі командалары жолдама алды. Финалдық тартыста №3 ЖОББҚ мектебінің жігіттерінен 3:2 есебімен және Жаңақала ЖОББ метебі командасынан 4:3 есебімен ұтылған аудандық аурухана командасы жүлделі үшінші орынға тұрақтады. Ал бұған дейін қарсыластарының қақпасына тыным бермеген тәжірибелі қос команда финалдық ойында жанкүйерлерінің қанын қыздырарлықтай тартысты ойын өрнегін көрсетті. Ойын барысында 3:2 есебімен ұтылып келе жатқан Жаңақала ЖОББ мектебі командасы тынымсыз шабуыл жасай отырып, соңғы секундттарда есепті теңестірді. Финалдық ойын 3:3 есебімен аяқталып, соғылған голдардың есебімен жеңіске Жаңақала ЖОББ мектебі командасы жетті.

Нұрғали ҒАББАС,

Жаңақала ауданы

IMG_7468 IMG_7488

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале