30.01.2019, 11:05
Оқылды: 25

Жаңақалада тауар айналымы 15 пайызға өскен

Жаңақала ауданында шағын және орта кәсіпкерлік мәселесі де жақсы жолға қойылған. Барлығы 1089 кәсіпкерлік субъекті тіркелген болса, олар 2064 тұрғынды жұмыспен қамтып отыр.

IMG_5319

Өткен жылы 8,7 млрд теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндіріліп, 2017 жылмен салыстырғанда өсім 6 пайызды құраса, тауар айналымы 4,5 млрд. теңгеге өсіп, өсім  15 пайызды құраған.

Сондай-ақ аудан орталығында «Ернұр дент» стоматология емханасы, «Ағайын» дәмханасы және такси қызметінің орталығы, «Техносила» тұрмыстық техника және жиһаз сауда үйі, «Стройбаза» құрылыс материалдар орталығы, «Ibrashev» құрылыс материалдары дүкені және «Saben» азық-түлік шағын маркеті, Меңдешев ауылдық округінде тойхана сияқты кәсіпкерлік нысандары іске қосылған.

Нұрбек Оразаев,

сурет Темірболат Тоқмамбетов

© zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале