25.04.2017, 18:05
Оқылды: 38

Жаңақалада тоғызқұмалақтан аудандық жарыс өтті

«Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырған чемпионатқа 50-ден астам оқушы қатысты.


Сайыс нәтижесінде 2003-2005 жылы туған жасөспірімдер арасында Дильназ Абдуллина және Амангелді Сағынғалиев III орынды олжаласа, II орынды Аяжан Магзумова еншіледі. Ал Әлия Төрегелдиева осы топтаүздік атанды.

Сондай-ақ  2006-2008 жылғы жасөспірімдер арасында III орынды Әсет Садық пен Аяулым Сапиева өзара бөліссе, II орынды Нұртілек Дүзімбай еншілеп, бұл топта Нұрберген Түсіпқали жеңімпаз атанды.

Келесі 2009-2010 жылғылар арасында Мадияр Жұмағали мен Аида Баймұхан III орынды, Нұрәлі Арматұлы II орынды, Айназ Сақтаған I орынды иеленді.

Жүлдегерлер және белсенді қатысқан спортшыларды «Жастар үні» бірлестігінің төрағасы Айдар Ержанұлы құттықтап, арнайы диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Ақсұңқар СӘДІР

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале