23.02.2018, 14:27
Оқылды: 91

Жаңақалада тұңғыш рет «Батырлар жыры» байқауы өтті

Жаңақаладағы рухани орталықта Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында I аудандық «Батырлар жыры» байқауы өтті. Байқауды аудандық мектептен тыс жұмыс орталығы ұйымдастырды.

Байқауға оқыту тіліне қарамастан жалпы білім беретін ұйымдардың 5-7 сыныптарының оқушылары 3 бөлім бойынша қатысты. Байқау – қазақ халқының батырлар жырын жатқа айту, сурет салу, тест сұрақтары бойынша өтті.

Байқаудың басты  мақсаты – рухы мықты, намысты, қайсар аза­мат тәрбиелеу, өскелең ұрпақ­ты қазақ халқының рухани құндылықтарына сусындатып,­ отансүйгiш етiп өсiру. Сондай-ақ батыр­лар жырын жаттап өскен бала­ның жат елдердiң идеологиясына бой алдырмайтынын ата-аналарға ұғындыру еді.

Cайыстың «Жақсылар, дастан айтайын...» атты бөлімінде қатысушылар «Қобыланды батыр» немесе «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтты. Бұл бөлімде Пятимар орта мектебінің 6-сынып оқушысы Мәдина Ниматуллина бас жүлдені жеңіп алса, Ә.Жангелдин атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы Айшат Ермекқалиева I орынды иеленді. Ал, II орынға Карманов орта мектебінің 6-сынып оқушысы Эльгиза Қайратова мен С.Меңдешев атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы Аманжан Наушабатырұлы, III орынға Д.Нұрпейісова атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы М.Нәсіпқалиев  ие болды.

Келесі «Батыр келбеті»  бағамында оқушылар жырдың сюжетіне байланысты тақырыптық сурет салып, мән-мазмұнын түсіндірді. Мұнда бас жүлдені Пятимар орта мектебінің 7-сынып оқушысы Жанайдар Жасқайратов иеленсе, I орынға №3 қазақ орта мектебінің 7-сынып оқушысы Диана Балбаева, II орынға М.Жүнісов атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы Маден Ораз, С.Меңдешев атындағы орта мектептің оқушысы Ағжан Айғалиева, III орынға Жаңақала мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы Айдос Сүндетов, Ә.Жангелдин атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы Инабат Медхатова, М.Мирманов атындағы орта мектептің оқушысы Айнара Нәсіпқалиевалар лайықты деп танылды.

Байқаудың «Рухани азық аламын» бөлімінде қатысушылар мектеп бағдарламасы бойынша қазақ әдебиеті пәнінің оқу бағдарламасы негізінде «Қобыланды батыр» және «Алпамыс батыр» жырынан әзірленген тест сұрақатрына жауап беру арқылы сайысқа түсті. Осы бөлімде өз білім-білігімен өзгелерден озық шыққан Жаңақала мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы Ернар Максимов бас жүлдені қанжығасына байлады. Сондай-ақ, Айдархан орта мектебінің оқушысы Айсезім Жұмағалиева I орын, Карманов орта мектебінің оқушысы Ерасыл Қабиев пен М.Мирманов атындағы орта мектептің оқушысы Дильназ Мәлік II орын, Ә.Жангелдин атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы Дильназ Құспанова, М.Жүнісов атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы  Ақбота Қайырғали, Жаңақала орта мектебінің 5-сынып оқушысы Бекзат Еслямғалиев III орын алғаны үшін марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен шағын естелік сыйлықтар берілсе, жетекшілерге алғыс хаттар табыс етілді.

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ,

Жаңақала ауданы

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале