28.02.2019, 11:54
Оқылды: 66

Жаңақалада ұлттық спорттан аудан біріншілігі өткізілді (СУРЕТ)

Ұлттық спортымыз ұлықталған сайысты аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен аудандық «JASTAR» спорт клубы ұйымдастырды.

Аталмыш сайысқа Бірлік, С.Меңдешев, Жаңажол, Қызылоба, Жаңақазан, Пятимар, Мәстексай ауылдық округтері, Жаңақала орта мектебі, №3 қазақ мектебі және аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары белсене қатысты.

аударыспақ

Сайыстың алғашқы жігіттер аударыспаққа қатысып күш сынасса, екінші кезеңде жамбы атудан сайысқа түсті. Жұрттың спортшыларға деген қолдауы ерекше болды. Ауыл жастары аударыспақта ат үстінде еркін ойнап, садақпен нысананы дәл көздеп, мергендіктерін дәлелдеді.

Аударыспақтан І орынды 60 келі салмақ дәрежесінде Арнұр Болатов (Бірлік ауылдық округі), 80 келі салмақ дәрежесінде Асыланбек Төлегенов (Жаңақала ауданы), ал + 80 келі салмақ дәрежесінде Жалғас Неғметов (Қызылоба ауылдық округі) иеленді.

Мергендер сайысы - жамбы атудан І орын иегері Нұрғали Ғаббасов («Жаңарған өңір» газетінің бас редакторы) атанса,  оқушылар арасында Бекжан Сатыбалды (Жаңақала ауданы) үздік болды.

Айару Бақытова,

Жаңақала ауданы

© zhaikpress.kz

IMG_7847 IMG_7728

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале