6.12.2019, 17:57
Оқылды: 353

Жаңақалада үздік жастар анықталды

Жаңақала ауданындағы «Асылым» мейрамханасында «Жыл үздігі – 2019» жастар сыйлығы байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті.

janaqala (2)

Жыл соңында әр саланың озатын анықтайтын дәстүрлі байқауды Жаңақала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы биыл үшінші мәрте ұйымдастырып отыр. Шараға аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин, аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Саматов және  дербес бөлім басшылары, аудан жастары мен БАҚ өкілдері қатысты.

- Еліміздің болашағы білімді жастардан басталады. Бүгінде мемлекетіміздің ұстанған сарабдал саясатының арқасында жастарға барлық жағдай жасалуда. Осының нәтижесінде бәсекеге қабілетті, білімді, білікті ұрпақ өсіп келеді. Бүгін, міне, осындай жастардың арасынан суырылып шыққан үздіктерді анықтағалы отырмыз. Баршаңыздың еңбектеріңіз жана берсін, марапаттарыңыз құтты болсын! - дей келе аудан басшысы Н. Қарағойшин бір топ жасты марапаттады.

janaqala (4)

Одан әрі аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әлихан Декартұлы, аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Нұрғалиқызы жалынды жастарға толағай табыс, шығармашылық шабыт тілеп, бірқатар номинацияларды табыстады.

Айта кетелік, жастар сыйлығының «Үздік жас дәрігер» аталымы Амандық Мұхатайға, «Үздік жас ұстаз» аталымы Гүлжайна Әбуқызына, «Үздік жас дарын» аталымы Лунара Қанатоваға және «Үздік жас маман» аталымы  Ернат Сұпығалиевке бұйырды. Сонымен қатар, «Үздік жоба» аталымына Ұлболсын Ихсанова, «Үздік жас көшбасшы» аталымына Ерген Есполсынов, «Үздік жас қаламгер» аталымына Римма Рысқалиева, «Үздік оқушы» аталымына Диана Балбаева, «Үздік жас спортшы» бағамына Ақжол Әділғалиев, «Үздік жас кітапханашы» бағамына Рауана Төлеуғалиева лайық  деп табылды.

Шарада аудандық мәдени-демалыс орталығының өнерпаздары және ауылдық округтерден келген әншілер өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Алтынбек Ермекқалиев

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале