25.04.2019, 15:31
Оқылды: 29

Жаңақалада велошеру ұйымдастырылды

Жаңақала ауданында аудандық «Жастар» спорт клубының ұйымдастыруымен «Бірлігіміз жарасқан» жобасы аясында велошеру өтті.

velosheru Zhanakala (2)

Велошерудің мақсаты - бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын ұстанушылардың қатарын арттыру.

Аталған спорттық шараға 50-ден астам аудан жастары қатысты. Велошеру аудан орталығынан Орал қаласына шыға берістегі бас қақпадан басталып, аудандық Достық алаңына дейін жалғасты.

velosheru Zhanakala (1)

Айта кетейік, спорттық велошеруге атсалысқандардың арасында мемлекеттік қызметкерлер, колледж студенттері, спортшылар мен мектеп жасындағы балалар да бар.

Ақсұңқар СӘДІР

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале