12.06.2017, 14:59
Оқылды: 29

Жаңақалада жаңа дүкен         

Жаңақала ауданының орталығында сандық-тұрмыстық техникалар дүкені ашылды.

Орал қаласының тұрғындары, «ТехноСила» ЖК басшылары Қамбар Тұрланов пен Бахтияр Дарбаевтың бірлесе ашқан дүкен аудан тұрғындарына кең көлемде  қызмет  көрсетуде. Кәсіпкерлердің сөзіне жүгінсек, дүкендегі сан алуан сандық-техникалық тауарлар «Альфа» банкі арқылы 3 айдан 3 жылға дейін несиеге беріледі екен. Сондай-ақ көлемі үлкен тауарларды тұтынушының үйіне дейін жеткізіп беру, каталог арқылы кез келген тауарға тапсырыс жасау сияқты қызмет түрлері де көрсетіледі. «Не себепті дүкен ашуға Жаңақала ауданын таңдадыңыздар?» деген сұрағымызға:

- Мұндай дүкен Жаңақала ауданында жоқ. Әрі аудан қаладан алшақ орналасқан. Ауыл тұрғындары тауарды қаладан алғанымен, ауылдарына жеткізіп алудың өзі оларға қиын, әрі қосымша қаржыны талап етеді. Ал біз ашып отырған дүкен тауарды үйлеріне дейін тегін жеткізіп береді. Бізде жоқ тауарлар болса, каталог арқылы тапсырыс береді. Біз оларға қалаған тауарын әкеліп береміз,- дейді  ашылғандарына 1-2 апта болса да, қаладан тауар тасып үлгере алмай жатқан кәсіпкерлер.

Н.ҒАББАС

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале