6.12.2017, 17:28
Оқылды: 40

Жаңақалада жас ақындар мүшәйрасы өтті

Бүгін Жаңақала ауданында «Жайық Пресс» медиахолдингі Жаңақала филиалының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасындағы «Тал бесігім – туған жер» атты жыр мүшәйрасы өтті.

Байқау барысында аудандық «Жаңарған өңір» газетінің бас редакторы Өмірзақ Ақбасов пен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қалаубек Теміров құттықтау сөз сөйлеп, жас ақындарға сәттілік тіледі.

 

Оқушылардың жас ерекшелігіне, сыныбына шектеу қойылған жоқ.

Байқау қорытындысында Абай атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Амандық Жантілеуов, Д.Нұрпейісова атындағы мектептің10-сынып оқушысы Ізбасар Бақытов, Жаңақала мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Айдидар Қазиханова жүлделі III орынды иеленді. Ал Айдархан орта мектебінің 11-сынып оқушысы Ақерке Ғұбашева мен С.Меңдешев атындағы мектептің 11-сынып оқушысы Нұртілеу Қадырқұлов II орынға лайықты деп танылды. Айдархан мектебінің 10-сынып оқушысы Айдос Садихов мүшәйра жеңімпазы атанды. Сонымен қатар белсенді қатысқан 5 өренге ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. Қалған қатысушыларға да шағын естелік сыйлықтар берілді. Жүлдегерлер арнайы дипломдар және ақшалай сыйақымен марапатталды.

 

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале