14.12.2017, 17:36
Оқылды: 57

Жаңақалада жас домбырашылар байқауы өтті

Қали Жантілеуов атындағы балалар саз мектебінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Жас екпін» атты күйшілер байқауы өтті.

Күй байқауының шымылдығын түру үшін сөз алған саз мектебі директорының орынбасары Жастілек Яхиаұлы саз мектебі шәкірттерінің  жеткен жетістіктерін, бағындырған белестерін айтып, балғын домбырашыларға сәттілік тіледі.

Сайысқа байқау шарты бойынша республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары қатысқан жоқ. Байқауда 9-15 жас аралығындағы 14 оқушы қатысып, өз өнерлерін паш етті. Айта кетейік, байқауға қатысушылар Құрманғазының 1 күйін және еркін тақырыпта 1 күй орындады.

Нәтижесінде, қазылар алқасының шешімімен орта топтан Ұлан Ғалым III орынды, Назерке Ғұбашева II орынды, Жансая Төлеуғалиева I орынды еншіледі. Ал жоғары топта Әсем Серікқалиева  III орынды, Шыңғысхан Қайратов  II орынды олжаласа, Томирис Нағым байқаудың жеңімпазы атанды. Байқау жүлдегерлері дипломдермен, шағын естелік сыйлықтармен мараппаталды.

Байқау соңында қазылар алқасының мүшесі, ардагер ұстаз Нәсіпқали Мақанов пен ардагер ұстаз, домбырашы Бақытжамал Қазиевалар сөз алып, байқаудың маңызын, оқушылардың шебер орындаушылығын әңгімелеп, олардан үлкен үміт күтетіндерін айтты.

 Алтынбек ЫСҚАҚ,

Жаңақала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале