6.12.2017, 16:52
Оқылды: 18

Жаңақалада жас қобызшылар байқауы өтті

Жуырда Қали Жантілеуов атындағы балалар саз мектебінде Тұңғыш Президент күніне орай мектепішілік «Жас талант» қобызшылар байқауы өтті.

Байқау жас таланттардың күйшілік шеберлігін шындауға мүмкіндік жасап, қолдау білдіру мақсатында ұйымдастырылды. Бұл байқауға барлық мектептердің қобыз сыныбының оқушылары қатысты.

Байқау нәтижесінде I орынды Жаңақала мектеп-гимназиясының оқушысы Айнара Талғатова жеңіп алса, ал II орынды М.Мирманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Тахмина Карменова иеленді. Дина Нұрпейісова атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Дана Қамыспаева III орынды иемденді.

Айзада ЖАҚИЯ

Жаңакала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале