30.01.2019, 11:32
Оқылды: 21

Жаңақаладағы 3 қабатты 24 пәтерлік үйдің құрылысы биыл аяқталады

Жаңақала ауданы әкімінің мәліметінше, өткен жылы аудан тұрғындарының өз қаражаты есебінен 8 693 шаршы метр тұрғын үй салынған.

ui

Күні бүгінге тұрғын үй алуға түрлі санаттағы 338 адам кезекте тұр. Сонымен қатар өткен жылы аудан орталығында 3 қабатты 24 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы басталып, биыл пайдалануға берілмек. Сондай-ақ «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Жаңақала ауылында үшқабатты, 21 пәтерлік тұрғын үй, екі пәтерлік 40 тұрғын үй салу жоспарда бар.

         Жаңақала ауылындағы 1 047 тұрғын үй жер учаскелеріне инженерлік инфрақұрылым желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда су құбырын, электр желісін тарту жұмыстары аяқталса, газ құбырын тарту жұмыстарын биыл аяқтау жоспарлануда.

Нұрбек Оразаев,

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале