30.01.2019, 10:31
Оқылды: 20

Жаңақалаға өткен жылы 5,6 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылған

Аудан әкімдерінің тұрғындар алдындағы есеп беру жиыны биылғы жылы Жаңақала ауданынан бастау алды. Дәстүрлі түрде жыл басында өтетін маңызды жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиев, облыстық және аудандық басқармалар және мекеме-кәсіпорын басшылары мен қызметкерлері, аудан тұрғындары қатысты.

 IMG_5347

         Жиында ауданның 2018 жылғы экономикалық-әлеуметтік даму барысы және алда тұрған міндеттер туралы баяндаған аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин әр саладағы атқарылған істер мен алдағы міндеттерге тоқталып өтті.

         Былтыр аудандағы түзетілген бюджеттің шығыстар бөлігі 5 млрд. 259 млн. 627 мың теңгені, бюджеттің игерілуі 100 пайызды құраған. Өткен жылы салық көлемінің жоспары 688,7 млн. теңге болып белгіленсе, бұл көрсеткіш 720,9 млн. теңгеге орындалып, 104,7 пайыз болған. Сонымен қатар өткен жылы ауданға 5,6 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылған.

Нұрбек Оразаев,

сурет Темірболат Тоқмамбетов

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале