17.09.2020, 10:42
Оқылды: 257

Жаңақалалық ақын республикалық байқауда ІІ орынға ие болды

Сәрсенбінің сәтінде ақжолтай хабарды естідік. "Бөркімізді аспанға атып" сүйінші сұрайтындай жаңалық десек шындықтың ауылынан алыс кетпейтініміз ақиқат.

Janakala (2)

Халық жазушысы, ақын Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығына арналған «Қиял қанаты» республикалық дуэт (сөз бен бояу)  онлайн байқауынан қазылар алқасы шешімімен ІІ орынды жерлесіміз - Сыйлыхан Жұмасалық /ақын/ пен Нұртай Жәрдемов /суретші/ (Орал қаласы) жеңіп алды.

Janakala (1)

Республикалық байқауға жерлес ақын ерекше өлең жазып, суретші сурет салып, бейнеролик те дайындаған болатын. Қаламды серік еткен Сыйлыхан бұдан бұрын да талай жыр бәйгелерінен жүлделі орын алып жүрген ақындарымыздың бірі һәм бірегейі!
Janakala (3)

Жанайдар Болатбекұлы,

 Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале