4.04.2018, 10:56
Оқылды: 46

Жаңақалалық домбырашылар Ақтөбеден жүлдемен оралды

ақтөбеЖуырда Ақтөбе қаласында халықаралық V «Ақбөбек» балалар конкурс фестивалі өтті.

Аталмыш байқауға Жаңақаладан Қ.Жантілеуов атындағы балалар саз мектебінің оқытушылары Ханзада Бейсенғалиева мен Ұлпан Наурызғалиеваның шәкірттері қатысып, жүлделі оралды. Атап айтсақ, «Домбыра» номинациясынан орта топ бойынша қатысқан Аружан Нұрболат алғыс xатпен марапатталса, Әдемі Жаданова III орынға, Інжу Қайыржанова жүлделі II орындарға ие болды. Бұл жүлдегер оқушылардың жетекшісі - Ұ.Наурызғалиева.

Сонымен қатар Х.Бейсенғалиева жетекшілік ететін домбырашылар тобынан құрылған «Ақжелең» триосы қазылар алқасының көңілінен шығып, II орынды еншіледі.

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале