5.10.2018, 17:35
Оқылды: 85

Жаңақалалық қоғам қайраткері 80 жасқа толды

Жаңақалада көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, 1976-1992 жылдардағы ауданның бірінші хатшысы, «Құрмет Белгісі», «Халықтар достығы», «Октябрь революциясы» ордендерінің иегері Әділғазы Нұрғалиевтың 80 жасқа толуына орай аудан көлемінде бірқатар шара өтті.

80 (1)

         Ауданға танымал тұлғаны аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин бастаған азаматтар аудан шекарасынан қарсылап алды. Одан әрі дәулескер домбырашылардың кесенесіне аялдап, өнер тарландарының рухына тағзым жасады.

         Ә.Нұрғалиевпен Бірлік ауылдық мәдениет үйінде кездесу ұйымдастырылды. Жиынға еңбек ардагерлері, ауыл тұрғындары қатысты. Кездесуде Қайдар Есенғалиев, Сағын Есенғалиев, Исатай Әміргереев сынды еңбек ардагерлері сөз алып, Ә.Нұрғазыұлының еткен еңбегін жолын әңгімелеп, жылы лебіздерін білдірді. Бірлік ауылдық округінің әкімі Е.Еслямғалиев Ә.Нұрғалиевке шапан жауып, арғымақ ат мінгізсе, жұбайы, КРСО денсаулық саласының үздігі Марфуға Құспанқызына да лайықты құрмет көрсетті.

         Ауданы орталығындағы мәдениет үйінде «Дара тұлға» атты кездесу кеші өтті. Кеште мерейтой иесінің достары, қатарлас жүріп қызмет атқарған әріптестері құттықтап, кеш иесінің мерейін асыра түсті. Кеште Әділғазы Нұрғазыұлының «Жаңақала – ақиық алыптар мен жайсаң жандардың мекені», «Дара тұлға» атты қос кітабының тұсауы кесілді. Кеш соңында Әділғазы Нұрғалиев өзін құрметтеген еліне, аудан басшылығына алғысын білдіріп, аталық ақ батасын берді.

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

80 (3)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале